«Қауіпті жүктер тізімі»

Қажетті құжаттарды ұсыну барысында біз әуе кемелері арқылы тасымалдауға қабылдай алатын жүктер: ЗАТТАРДЫҢ (МАТЕРИАЛДЫҢ)  ҚАУІПСІЗДІК ТӨЛҚҰЖАТЫ ГОСТ – Р 12.1.052-97, Сәйкестік сертификаты, ТН немесе шот-фактуралар

 

1. Автокөліктің  жабдықтары (атап айтқанда, мотор майы, автобояу, желім, аккумуляторлар және т.б.)

2.Тіреу  (амортизаторлар), кернеуі күшейген және тығыздалған газ немесе майы бар бұйым ретінде.

3. Іштен жанатын қозғалтқыш.

4. Литий батареялары.

5. Герметиктер.

6.Төсеме бояу.

7.Органикалық еріткіш негізіндегі желімдер.

8. Майлы, полиграфиялық бояулар.

9. Ақ бояудың құрамдастары, бірқатар қатырғыштар.

10. Ағартқыштар.

11. Хош иістендіргіштер.

12. Экстракттар.

13. Эссенциялар (соның ішінде Жемісті).

14. Косметика (атап айтқанда, иіссу, лактар,  қысым астындағы барлық заттар және т.б.).

15. Тағамдық қоспалар.

16. Көміртектің қостотығы қатты (құрғақ мұз).

17. Фарм. дәрі-дәрмектер  (әсіресе,  сұйық және газтәрізді) соның ішінде вакциналар, микстуралар, ампуладағы дәрі-дәрмектер, ерекшелік «жұмсақ» қаптауы болған жағдайда таблетка түріндегі  фарм. дәрі-дәрмектер  - олардың қауіпсіздігін растаған жағдайда

18. Стоматологиялық материалдар соның ішінде   сұйық және  кремтәрізді формада, сонымен бірге шыны немесе пластикалық ыдысқа қапталған.

19. Көмір.

20. Полимерлі  түйіршіктер.

21. Сия (соның ішінде  принтерлерге арналған).

22.  Тасымалдау барысында температуралық тәртіптемені сақтауды қажет ететін жүктер (жылы қалпында жеткізу мүмкіндігі барысында).

23. Асбест.

 

Ішінде тыйым салынған жүктері болуы мүмкін  жүк орындарының ішіндегін растауын қажет ететін жүктер  атауларының тізімі:

  • Автокөліктер, автокөлік бөлшектері (машина, мотор, мотоцикл). Ішінде отын, сұйықтық батареялар, пневматиктерді газбен толтыру құрылғыдағы тығыздалған газ, қозғалтқыштар,  карбюраторлар немесе отын бактар, сонымен бірге өртсөндіргіштер, пневможастықтар, жағармайы, сервистік, лакбояулы материалдары бар аэрозольді қораптар және т.б. болуы мүмкін.
  • Қолдан дем алдыру аппаратуралары. тығыздалған газ баллондары, оттегісі бар генераторлар, салқындалған сұйытылған оттегісі болуы мүмкін.
  • Электрқозғалтқыштары бар аппараттар – қоларбалар, көгалшапқыш, электрокарлар және т.б. Сұйықтық аккумуляторлы батареялары болуы мүмкін.
  • Аэрозольдер. Биіктегі ұшақтың қысымын өзгерткен жағдайда ішіндегі сұйықтық ағып кетуі немесе баллончиктердің жарылуы мүмкін.
  • Ыстық ауамен толтырылған аэростат. Оңай тұтанатын сұйықтықтары немесе газы бар ыдыстар (баллондар), өртсөндіргіштер, іштен жанатын қозғалтқыштар, сигналдық пиротехникалық құрылғылар, суға батырмайтын жилеттер.
  • Баллондар, металл ыдыстар (бөшкелер, флягтар). Тығыздалған немесе сұйықтық газдар, отын, еріткіштер, бояулар болуы мүмкін.
  • Бұрғылау жабдықтары, географиялық жабдықтар, тау-кен жұмыстарына арналған жабдықтар. Жанғыш заттар және басқа да қауіпті жүктері болуы мүмкін.
  • Тұрмыстық  бұйымдар, үй аспаптары, жолаушылардың жүктері. Ішінде оңай тұтанғыш шаруашылық сұйықтықтар, ас үй плиталарын тазалауға арналған коррозиялық заттар, тұрмыстық жәндіктермен күресуге арналған уландырғыш заттар, оттықтарға арналған оңай жанғыш газ немесе сұйық құятын элементтер, туристік плиталарға арналған баллондар, сіріңкелер, ағартушы құрамдастар, аэрозольдер болуы мүмкін.
  • Вакциналар. Құрғақ мұзды пайдаланып қапталуы мүмкін (қатты көміртегінің қостотығы).
  • Сүңгу жабдықтары. Тығыздалған газы бар баллондар, су асты шамдар, әштен жанатын қозғалтқыштар, сигналды пиротезникалық құрылғылар, суға батырмайтын жилеттер болуы мүмкін.
  • Электр жабдықтары немесе құралдарының ажыратқыштары. Сынап болуы мүмкін.  
  • Газ оттықтары, оттыққа арналған сұйықтық. Төмен атмосфералық қысымда газдың шығып кетуі мүмкін, жарылыс болуы мүмкін.
  • Машина бөлшектері. Оңай жанғыш герметика, еріткіштері, сұйықтық немесе литий батаерялары, сынап, тығыздалған газы бар баллондары болуы мүмкін.
  • Диагностикалық сынама, тестілеуге арналған үлгілер, зертханалық жабдықтар. Ішінде кез келген қауіпті заттектер, соның ішінде инфекциялық заттектер болуы мүмкін.
  • Тоңызатылған жемістер, көкөністер. Құрғақ мұзды пайдаланып қапталуы мүмкін (қатты көміртегі қостотығы).
  • Жерде тұрақтаған әуе кемесіне арналған қосалқы бөлшектер. Жарылғыш заттар (жарық беретін немесе басқа пиротехникалық), оттегінің химиялық генераторлары, жинақталған ақауы бар пневматиктер, тығыздалған газ баллондары (оттегі, көміртегінің қостотығы немесе өртсөндіргіштер),  жабдықтардағы отын, сұйықтық немесе литий батареялары, сіріңкелер.
  • Жарыс (спорттық), туристік, құтқару командасының мүліктері. Аэрозольдер жиынтығын, отын қоспаларын, аккумуляторлар, сигналды пиротезникалық құрылғылар, суға батырмайтын жилеттер, туристук газ плиталарына, примустарға арналған сұйықтықтар мен тығыздалған газ және т.б. болуы мүмкін.
  • Құралдар. (барометрлер, манометрлер, сынап ажыратқыштар, түзеткіш шамдар,  термометрлер және т.б. болуы мүмкін) Құрамында сынап болуы мүмкін.
  • Бояу – көп жағдайда оңай жанғыш сұйықтықтар, бұл категорияға эмаль, лактар, полирольдер, қоюлатқыштар жатады.
  • Медициналық дәрі-дәрмектер, фармацевтика. Инфекциялық заттектер, оңай жанғыш сұйықтықтар, тотықтырғыш,  органикалық  тотық немесе коррозиялық заттектер.
  • Құралдар жиынтығы. Патроны бар  құрылыс пистолеттер, тығыздалған газ, аэрозольдер, оңай жанғыш желімдер, бояулар, коррозиялық заттектер.
  • Сынап. Жоғары температурада және төмен қысымда уландырғыш бу бөледі. Аллюминийге оңай сіңіп, сол себепті аллюминий әлсіз және сынғыш болады.
  • Білдектер, жабдықтар. Химикаттар, тазартқыш еріткіштер, бояу болуы мүмкін.
  • Сахналық,  театр  жабдықтары.  Пиротезникалық құрылғылар, фейерверктер, «сахналық түтін» құрғақ мұз болуы мүмкін.
  • Жөндеу жабдықтары. Органикалық тотықтар және оңай тұтанатын желімдер, еріткіштерге негізделген бояулар, шайырлар және т.б.
  • Фармацевтикалық дәрі-дәрмек. Қандай да бір өлшемдері бойынша қауіпті жүктер категориясына қосылатын элементтер, атап айтқанда радиоактивті материалдар, оңай жанғыш сұйықтықтар, уландырғыш және коррозиялық заттектер болуы мүмкін.
  • Фото жабдықтар. Қандай да бір өлшемдері бойынша қауіпті жүктер категориясына қосылатын элементтер, атап айтқанда жылу бөлетін құрылғылар, оңай жанғыш сұйықтықтар, оңай жанғыш қатты заттар, тотықтырғыштар, органикалық тотықтар,  уландырғыш және коррозиялық заттектер болуы мүмкін.
  • Бассейндерге арналған химиялық заттектер. Тотықтырғыш немесе коррозиялық заттектер болуы мүмкін.
  • Шаруашылық бұйымдары. Қандай да бір өлшемдері бойынша қауіпті жүктер категориясына қосылатын заттар, мысалы,  еріткішке негізделген бояу сияқты оңай жанғыш сұйықтықтар, желімдер, полирольдейтін материалдар, аэрозольдер, ағартқыш материалдар, пештерді тазалауға немесе тоттан су ағызатын құбырларды тазалау құралдары, оқ-дәрілер, сіріңкелер және т.б.
  • Тоңызатқыштар. Сұйытылған газ немесе аммияк еріткіші болуы мүмкін.
  • Экспедициялық жабдықтар. Жарылғыш заттектер (сигналды ракеталар), оңай жанғыш сұйықтықтар (газолин), оңай жанғыш газ ( туристік мақсатта пайдалатын газ) немесе басқа қауіпті жүктер болуы мүмкін.
  • Электр жабдықтар. Магниттелген материалдар, қосылу құрылғысындағы сынап, электронды шамдар немесе сұйықтық батареялар болуы мүмкін.
  • Құралдарға арналған жәшіктер. Жарылғыш заттектер (пистонды тойтармалар), тығыздалған газ немесе аэрозольдер, оңай жанғыш газдар (бутан бар баллондар немесе жанарғылар), оңай жанғыш желімдер мен/немесе бояулар,   коррозиялық заттектер және т.б. болуы мүмкін.