«Тыйым салынған жүктердің тізімі»

КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА ТАСЫМАЛДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖҮКТЕР

1.Жарылғыш заттар, жару құралдары және олармен толтырылған  заттар:

  • кез келген қораптағы дәрі және кез келген көлемде;
  • әскери  патрондар  (соның ішінде шағын  калиберлі);
  • газ қаруына патрондар;
  • аңшы капсюльдері (пистондар);
  • пиротехникалық құралдар: сигналды және  жарық беретін ракеталар, сигналды патрондар, отырғызу  шашкалары, түтіндеткіш патрондар (шашкалар), қопарғыш сіріңкелері,  бенгал шамдары, темір жол петардалары;
  •  тротил, динамит, тол, аммонал және басқа да жарылғыш заттар;
  • капсюльдер, детонаторлар, электр детонаторлары, электр тұтатушы, оталдырғы  шілте және т.б.

2.Тығыздалған және сұйылтылған газ:

  • тұрмыстық пайдалануға арналған газ  (бутан-пропан) және басқа газдар;
  • жүйке-сал және көзді жасаурататын әсері бар заттармен   толтырылған газ баллончиктері.

3. Оңай жанғыш заттар:

  • ацетон;
  • бензин;
  • оңай жанғыш мұнай өнімдері бар сынама;
  • метанол;
  • метилацетат (метил эфирі);
  • күкіртті көмертек;
  • эфирлер;
  • этилцеллюлоза;
  • басқа барлық оңай жанғыш сұйықтықтар.

4. Оңай жанғыш қатты заттар:

  • су тигенде жылу және жанар газ бөліп,  өздігінен тұтанатын және өрт  тудыратын заттар: калий, натрий, металды кальций және олардың қортпалары, фосфорлы кальций және басқалар;
  • ақ, сары және қызыл фосфор және оңай жанғыш қатты заттар қатарына жататын  басқа заттектер;
  • органикалық  тотықтар;  
  • коллоидті нитроцеллюлоза,  құрғақ немесе ылғалды, құрамында 25%  су немесе еріткіші бар түйіршіктер немесе үлпек түрінде.Коллоидті нитроцеллюлоза,  кесек түрінде, ылғалды, құрамында 25%  төмен спирт бар. Нитроцеллюлоза  құрғақ немесе ылғалды, құрамында 30% еріткіші немесе 20% суы бар.

5. Тотықтандыратын заттектер, органикалық тотықтар, соның ішінде:

  • аммиакты-нитратты тыңайтқыш,
  • аммиакты  селитра,
  • калий селитрасы,
  • кальций хлораты,
  • сутек тотығы және т.б.

6. Улы және уландырғыш заттар:

  • кез келген ыдысқа қапталған сұйық немесе қатты күйдегі кез келген улы, күшті және уландырғыш заттар;
  • бруцин;
  • никотин;
  • стрихнин;
  • тетрагидрофурфурил  спирт;
  • антифриз;
  • тежеуіш сұйықтық;
  • этиленгликоль;
  • сынап;
  • көгерткіш қышқылдың барлық тұздары және цианды дәрі-дәрмектер;
  • циклон, цианды балқыма, күшән ангидриді және барлық басқа әсері күшті улы және уландырғыш заттар.

7. Өздігінен тұтанатын заттар.

8. Күйдіргіш және тотығатын заттектер:

  • күшті неорганикалық қышқылдар:  тұзды, күкіртті, азотты және басқа;
  • фторлы-сутекті (балқымалы) қышқыл және басқа да күшті қышқылдар және тотығатын заттектер.

9. Радиоактивті материалдар және олардың  изотоптары, соның ішінде:

  • диагностикалау және емдеу мақсатында,
  • дефектоскоп басы,
  • бағаналы теңеспе көзі,
  • гамма каротаж құралдары,
  • уран нитраты,
  • медициналық дәрі-дәрмектер және радиоактивті элементтерді пайдаланатын жабдықтар;
  • құрамында радиоактивті материалы болуы мүмкін басқа аппаратура.

10.Оқ ататын, газ, пневматикалық, суық және  механикалық қарудың барлық түрлері:

  • пистолеттер, револьверлер, мылтықтар, карабиндер және басқа оқ ататын, газ, пневматикалық қару,  электр шок құрылғылары және олардың  ұқсатқыштары;
  • арбалеттер, су асты аңшылығына арналған мылтықтар, шашкалар, қылыштар, тесактар, наркескендер, ауыр қылыштар, семсерлер, қанжарлар, стилеттер, пышақтар: аңшы, десанттық, фин,  сүңгі пышақ, шығарып тастайтын жүзі, жабылатын құлпы бар пышақтар,  сонымен бірге жүзі 110 мм артық шаруашылық-тұрмыстық пышақтар.

11. Қысым астындағы және вакуумы бар құралдар.

12. Ферромагнетиктер: ферромагнетиктер тобына кітерін кез келген материалдар.   Магниттер мен ұқсас заттардан жасалған басқа бұйымдар.

13. Асыл және  и сирек кездесетін металдар мен олардан жасалған бұйымдар;

14. Асыл тастар және  олардан жасалған бұйымдар;

15. Ақша белгілері мен  ақша белгілерінің эквиваленттері;

16. Стратегиялық материалдар;

17. Зымыран-ғарыштық кешендер,  байланыс және әскери тағайындау басқармасының жүйелері және олардың өндірісі мен пайдалануына нормативтік-техникалық құжаттар;

18. Уран, басқа бөлінетін материалдар  олардан жасалған бұйымдар;

19. Рентген жабдықтары, құралдары мен радиоактивті заттектер мен изотоптарды пайдаланатын  жабдықтар;

20. Ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар, сонымен бірге құралдандыру және әскери техниканы құру бойынша фундаменталды іздеу зерттеулердің нәтижелері;

21. Шифрлайтын  техника және олардың өндірісі мен пайдалануына нормативті-техникалық құжаттар;

22. Есірткі құралдары және психотропты заттар;

23. Этил спирті;

24. Құрамында қымбат және сирек кездесетін металдар мен асыл тастары бар радиоактивті материалдардың, жарылғыш заттардың  қалдықтары;

25. Бейресми ақпарат алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы және басқа да техникалық құралдар, олардың өндірісі мен пайдалануына нормативті-техникалық құжаттар.

26. Жануарлар, елтірі мен терілер.

27. Адам органдары.

28. Тез бұзылатын азық-түлік өнімдері ( сүт, ет және балық өнімдері, көкөністер, нан бұйымдары).